|
Көптеген аурулар алғашқы кезеңде ешқандай белгісіз өтеді. Адам өзін жақсы сезінгенімен, ағзада аурудың дамуы басталып кетуі мүмкін. Сондықтан денсаулықты сақтаудың ең тиімді тәсілдерінің бірі – скринингтік тексерулерден уақытылы өту. Скрининг дегеніміз не?Скрининг – бұл белгілі бір жастағы дені сау адамдар арасында ауруларды ерте кезеңде анықтауға арналған профилактикалық тексеру. Оның негізгі мақсаты – ауруды алғашқы сатысында анықтап, дер кезінде емдеуді бастау. Ерте анықталған ауруды емдеу жеңіл болады және асқынулардың алдын алуға мүмкіндік береді. Скринингтен өтудің қандай пайдасы бар?✔ Ауруларды белгілері пайда болмай тұрып анықтайды. ✔ Қатерлі ісік, қант диабеті, жүрек-қан тамырлары аурулары сияқты сырқаттарды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. ✔ Асқынулардың және мүгедектіктің алдын алады. ✔ Емнің тиімділігін арттырады. ✔ Өмір сүру сапасы мен ұзақтығын жақсартады.
Скринингке қалай дайындалу керек?Кейбір зерттеулер арнайы дайындықты қажет етеді. Сондықтан медициналық ұйым берген нұсқаулықтарды алдын ала нақтылап алған жөн. Денсаулық – өз қолыңыздаКөптеген ауыр аурулардың алдын алуға немесе оларды ерте анықтауға болады. Ол үшін дәрігерге тек ауырған кезде ғана емес, профилактикалық тексерулерден өту үшін де уақытылы қаралған маңызды. Уақытында өткен скрининг – денсаулықты сақтаудың және ұзақ өмір сүрудің маңызды қадамы. |
Комментарии
| Имя * | |
| Комментарий * | |
.jpeg)